Каир Израильмен екі елдің арасында шекара өтетін түбекке әскерлер енгізу туралы мәселені талқылаған болатын. Шипажайлық аумаққа енгізілген мысырлық әскерлердің саны 800 сарбаз бен офицерді құрайды, - деп хабаралайды ИТАР-ТАСС.
1979 жылғы екі елдің арасында орнатылған бейбіт келісімде Мысыр тарапына түбекте әскер санына қатаң шектеулер қойылған, соған қарамастан, Израиль Синайда Мысыр әскерлерін енгізуге рұқсат берді. Осылайша, Мысырдың ірі әскери құрылымдарының Синайға апарылуы 1979 жылдан бері алғаш рет бол тұр, - деп хабарлайды британдық түсіндірушілер .
Британия Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына Каир, Александрия, Суэц, Луксор сияқты Мысырдың ірі қалаларына барудан бас тартуға кеңес береді. Алайда, ведомство ескертуінде Шарм-эль-Шэйх шипажайы аталмаған. Британ СІМ деректеріне сай, Қызыл теңіздің жағасында орналасқан шипажайларда жағдай тұрақты.