Жастарды спортқа баулу және салауатты өмір салтын сақтауға шақыру мақсатында ұйымдастырылатын шараға дайындық қызу жүргізілуде. Үшінші мегаполистің «Мұз сарайы» спорт кешенінде өтетін фестивальге қатысуға 1700-ге тарта тұрғын өтініш білдірген.
Айта кетейік, бұған дейін «Tartyl Fest» турникте тартылудан республикалық спорт фестивалі Қонаев қаласында басталған болатын. Сондай-ақ, Талдықорған, Алматы, Тараз қалаларында жалғасын тапты. 10 шілде - 8 қыркүйек аралығында өтетін шара еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылып, әр қаладан 27 жеңімпаз анықталады. Олар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады деп күтілуде. Гранд-финалдың жүлде қоры - 54 млн теңге. Ал, Гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.