Тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: спортшылардың жекелей сайыстағы нәтижесі

Фото: ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Кигалиде (Руанда) тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты басталды.

Әлем біріншілігі аясында әйелдер арасында жекелей сайыс өтті.

ҚР ҰОК мәліметінше онда Швейцария спортшысы Марлен Ройссер жеңіске жетті. Екінші орынға нидерландтық Анна Ван Дер Брегген тұрақтаса, үздік үштікті тағы бір нидерландтық велошабандоз Деми Воллерин түйіндеді.

Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Фаина Потапова көрсетті. Ол 30-шы болып мәре сызығын кесті. Ақпейіл Өсім 36-орынға табан тіреді.

Айта кетейік, бүгін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымға шығады.

Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали алтын медаль жеңіп алғанда қандай сезімде болғанын бөлісті. Спортшы осы тарихи жеңіс үшін барын салғанын айтты.