Тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Фото: ҚР ҰОК

АСТАНА.KAZINFORM –  5 ақпанда Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты басталады.

ҚР ҰОК мәліметінше, жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады. Бапкерлер штабы ұлттық құраманың тізімін жариялады.

Әйелдер (элита және U-23):

Рината Сұлтанова, Фаина Потапова, Ақпейіл Өсім, Мария Елькина, Ангелина Буренкова, Елизавета Склярова, Виолетта Казакова.

Ерлер (элита және U-23):

Даниил Марухин, Вадим Пронский, Антон Кузьмин, Евгений Федоров, Николас Винокуров, Диас Рысбай, Мансұр Бейсембай, Михаил Подлужный, Владислав Башлыков.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 ақпанға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды.

Қазақстан таеквондодан БАӘ-де өтіп жатқан турнирде 3 медаль алды.

Биыл елімізде 20-дан астам ірі халықаралық жарыс өтеді.