Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, құрлықтық біріншілік 7-16 ақпан аралығында Таиландтың Пхитсанулок қаласында өтеді.
Ерлер құрамасы: Дмитрий Груздев, Евгений Федоров, Игорь Чжан, Антон Кузьмин, Даниил Марухин.
Әйелдер құрамасы: Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова, Анжела Соловьева, Марина Курносова, Ақпейіл Өсім, Фаина Потапова.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2028 жылғы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы Доломиттер Вальтеллинада өтетінін жазған едік.