Тасбақа-ниндзялар Нью-Йорктың туристік нышанына айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге танымал мультфильм және комикс кейіпкерлері - тасбақа-ниндзялар Нью-Йорк қаласының 2016 жылғы ресми туристік символы деп танылды. Бұндай шешімге Нью-Йорк билігі келіп отыр, деп жазады AP агенттігіне сілтемемен 24.kz.

Тасбақа-ниндзялар бейнеленген плакаттар қаланың өзінде, кейін Лос-Анджелес, Чикаго, Бостон, Майами және Даллас сияқты елдің өзге де қалаларында пайда болады.

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио туристерді тарту мақсатында тасбақа-ниндзяларды қолдану өте ұтымды шешім дейді.