Бақылау өлшеуінің барысында Берти 19,59 секундта 5,48 метрден өтіп, секундына 0,28 метр жылдамдығын көрсетті. Оның иелері Джанин мен Марко Кальцини Англияның солтүстік шығысындағы Даремде ойын-сауық паркіне ие. Олардың Шелли есімді тағы бір тасбақасы бар, бірақ ол жылдамдыққа жүгіруде осалдық танытады.
Тасбақалардың жүру жылдамдығының бұған дейінгі рекорды 1971 жылы тіркеліп, сағатына 0,45 шақырымды құраған. Оны Ұлыбритания тасбақасы Чарли орнатқан болатын. Фото: guinnessworldrecords.com