Ташкентте биіктігі 62 метр болатын Өзбекстан туы орнатылды
Ташкент халықаралық әуежайының алдына алыстан көрінетін Өзбекстан туы орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.
Фото: Ташкент қаласы әкімшілігі
Ташкент қаласы әкімшілігінің хабарлауынша, Тудың биіктігі 62 метр, ал матасының өлшемі 12х24 метр.
Айналасы 16 метрлік 38 жалаулармен қоршалған, олардың өлшемі 2х4 метр. Бұл жалаулар қалада өткізілетін ұлттық немесе халықаралық іс-шараларға, шетелдік делегациялардың келуіне байланысты өзгеріп тұрады.
Фото: Ташкент қаласы әкімшілігі
Сонымен қатар, эстакададан әуежайға шығатын жердегі айналма жолдың алдында субұрқақ, оң жағында үлкен проекциялық экран орнатылған.
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы