ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Қоғамдық тәртіпті бақылайтын роботтар Ташкент көшелеріне кезекшілікке шықты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Өзбекстанның Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінен мәлім еткендей, робот профилактика инспекторының көмекшісі қызметін атқарады.
Оның міндеті — қала мен ауылдық жерлерде құқық бұзудың алдын алу.
Инспектордың төрт дөңгелекті көмекшісі 180 және 360 градус аумақты қамтитын сапалы камера, арнайы шам, GPS, аудио, видео жазба функциясымен жабдықталған.
Робот барлық құқық бұзушылықтарды анықтауға қауқарлы.
Тіпті қоқысты белгіленбеген жерге тастау фактілерін де тіркейді.
Кейін деректер онлайн режимде профилактика жөніндегі инспектордың планшетіне түседі.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.