Өзбекстан ұлттық футбол құрамасы әлем чемпионаты аясында кезекті матчын 23 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00–де өткізеді.
Матч өтетін күні Ташкентте жолаушылар ағыны айтарлықтай артады деп күтіліп отыр.
— Осыған байланысты Ташкент метрополитені 23 маусымда түнгі сағат 1:00–ге дейін жұмыс істейді. Бұл қосымша жұмыс режимі жанкүйерлердің матчтан кейін қауіпсіз, жайлы және жылдам оралуын қамтамасыз етуге бағытталған, — делінген Ташкент метрополитенінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Еске салсақ, 18 маусымда Өзбекстанның Әлем чемпионатындағы алғашқы матчы өтті.
Бұған дейін Өзбекстан футболдан әлем чемпионатының коллекциялық монетасын шығаратынын жазғанбыз.