«Ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыруға, тәуелсіз, құқықтық, демократиялық мемлекеттік құруға, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға, мемлекетаралық ынтымақтастықты, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін, игі дәстүрлерді, мәдени, рухани-ағартушылық өмір деңгейін арттыруға, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ұлттық және адами құндылықтарды сақтауға қосқан орасан үлестері үшін және 2200 жылдық мерейтойына байланысты Ташкент қаласы «Мустакиллик» орденімен марапатталсын», делінген Өзбекстан Президентінің Жарлығында.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан қыркүйектің 1-2-сінде Ташкент қаласының 2200 жылдығын атап өтеді, бұл мерейтой республиканың Тәуелсіздік күнімен қатар тойланғалы отыр.