Облыстық әкімшілік ақпарат қызметінің хабарлауынша, Орта Шыршық ауданындағы 3, 54 мектептер, Бөке ауданындағы 2 орта мектеп, Шыршық қаласындағы 8, 9 орта мектеп, Піскент ауданындағы 36, Паркент ауданындағы 22,51, Ташкент ауданындағы 9, 12, 17, 18, Алмалықтағы 17 және Нұрафшан қаласындағы 1 мектептерде білім беру бағдарламасы алдағы уақытта онлайн режимінде жалғасады.
Сондай-ақ, Орта Шыршық ауданындағы 50 орта мектептің 3 сыныбы, Бөке ауданындағы 6 мектептің 8 сыныбы және Заңгіата ауданындағы 15 орта мектебінің 1 сыныбы, 34 орта мектебінің 3 сыныбы карантинге жабылды.