Веложарыс Шымкент әкімінің бастамасымен, сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Веложарысқа 130-дан астам адам қатысуда, маршруттың жалпы қашықтығы 125 шақырымды құрайды.
Веломарафонның ресми ашылу салтанаты қазақиың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткішінің алдында өтті. Шараға Өзбекстанның ресми тұлғалары, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.
Іс-шараның ресми бөлімін Өзбекстандағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев ашты.