Бұл туындының авторы - қазақстандық танымал драматург Сұлтанғали Балғабаев. «Ең әдемі келіншек» жиырма жылдан бері алматылық театрлардың сахналарының көркі болып келеді.
Өзбек театрының бас режиссері Уәлихан Омаровтың айтуынша, спектакльдің премьерасы ағымдағы жылдың мамыр айында өткен. Бірақ көрермендердің осынау қойылымға деген ықыластары күн сайын артып келеді. «Өнер ұжымы мен актерлар өз кезектерінде, бұл қойылымды ерекше ықыласпен ойнауда. Автордың өзі келіп, біздің еңбегімізге баға берсе деп армандаймын», - дейді режиссер.
У.Омаровтың айтуынша, оның «Ең әдемі келіншекті» Алматыға апарып, сондағы театрлардың бірінің сахнасына шығару ойы бар.