«17 қыркүйек күні А320 әуе кемесімен Алматы-Ташкент бағыты бойынша ұшып шыққан КС 127 рейсі қозғалтқышының техникалық ақауына байланысты әуежайға қайта қонды. Ұшақ штатты жағдайды жерге қонды. Жолаушыларға тамақ пен сусын берілді. Қазіргі таңда рейс қосалқы ұшақпен жөнелтілмек»,-деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Тап осындай жағдай биыл көктемде болған еді. Ол кезде Алматыдан Ташкентке шыққан Air Astana әуе компаниясының ұшағы аккумулятор батареясын қуаттау құрылғысының дұрыс істемей тұрғандығынан хабар беретін дабыл белгісіне байланысты әуежайға қайта оралған болатын.
Еламан Тұрысбеков