Ташкенте күші 3 балдық жер сілкінісі сезілді

ТАШКЕНТ. 13 шілде. ҚазАқпарат - Өзбекстан аумағында 12 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де) 3 балдық күші бар жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды өзбек БАҚ-ы.

«Ташкент» сейсмологиялық стансасының мәліметтерінше, Өзбекстан астанасында жерасты дүмпулердің күші MSK-64 шкаласымен 3 балды құрады. Оның ошағы Ташкент қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 520 шақырым жерде, Ауғанстандағы Гиндукуш тауларында болды, мұндағы жер сілкінісінің күші 5,8 балды құрады.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметтерінше, жер сілкінісінің ошағы Ауғанстандағы Жарм қаласынан 40 шақырым жерде, Ауғанстандағы Ашқашам қаласынан 62 шақырым жерде, Тәжікстанның Ишкашим қаласынан 70 шақырым жерде, Ауғанстандағы Файзабад қаласынан 73 шақырым жерде, Ауғанстанның Кабул қаласынан 267 шақырым жерде орналасты.

44 минут өткен соң, Ташкент уақыты бойынша сағат 19:44-те Гиндикуш тауларында тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл жолы дүмпулердің күші 4,7 балды құраған. Оның ошағы Ауғанстандағы Жарм қаласынан 48 шақырым жерде, Ауғанстандағы Ашқашам қаласынан 49 шақырым жерде, Тәжікстанның Ишкашим қаласынан 57 шақырым жерде, Ауғанстандағы Файзабад қаласынан 83 шақырым жерде және Кабулден 274 шақырым жерде болған.