Ташкентке жақын маңда жер сілкінді
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 19 қазанда жергілікті сағат 01:32-де Өзбекстанда 2 балдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Сейсмологиялық мониторинг республикалық орталығының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Ташкент облысындағы Уртачирчик ауданында болған.
Ташкент қаласынан 30 шақырым, ал Нурафшаннан 4 шақырым қашықтықта орналасқан эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы - 3,6. Ошақтың тереңдігі - 10 шақырым.
2 балдық жер асты дүмпулері Нурафшанда және оған жақын маңдағы аудандарда сезілді.
Айта кетейік, ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 17 қазан күні Астана уақытымен сағат 03:23-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан. Қарқындылығы (балмен) Алматыда 2 балл болды.