Ташкентте 200 мың доллардан астам сомада алаяқтық жасаған қазақстандық ұсталды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматы Асатилла Фахридиновты Ташкентте полиция қызметкерлері Өзбекстан кәсіпкерлеріне сомасы 500 млн. сом (200 мың долларға жуық) шығын келтірген алаяқтығы фактісі бойынша ұстады.

Тергеу барысында алаяқтың алғашқы құрбаны ұн өнімдерін сатумен айналысатын Нүкістегі кәсіпкер екені белгілі болды. Өнімдерін өзге кәсіпкерге сатып, түсімді қалтасына басып, Ташкентке кетіп қалған.

Астанада ұсталған күдікті осы бағытта қылмысын жалғастырған. Қысқа мерзімде Ташкентте Фахриддинов осындай бірнеше мәміле жасап үлгерді. Тергеушілер анықтағандай, 12 алаяқтық жасады, азаматтарға келтірілген шығын 500 млн. сомнан асып түсті. Қазір тергеу аяқталды, іс сотқа беріледі.