Ташкентте мектеп ауласында ер адам өз-өзін ағашқа асты деген ақпарат тарады. Бас прокуратура болған жағдай жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Kazinform.
Хабарланғандай, бүгін, 28 желтоқсан сағат 07:45-те 1992 жылы туған ер адам Мирзо Ұлықбек ауданындағы № 248 мектептің артындағы ағашқа асылып, өз-өзіне қол жұмсаған.
Марқұмның психиатриялық диспансерде есепте тұрғаны, бұған дейін де бірнеше рет өзіне қол салуға әрекет жасағаны анықталды.
Қазіргі таңда Мирзо Ұлықбек аудандық прокуратурасы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы