Жерасты дүмпуі 20 шілде күні түнгі сағат 00.36-ның шамасында болды және оның ошағы көрші Қырғызстанның аумағында орналасты. Ташкентте жерасты тербелісі 1 минутқа дейін созылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, күші 6,2 баллдық жер сілкінісінің ошағы өзбектің Ферғана қаласының оңтүстік-батысына қарай 42 шақырым жерде тіркелген және оның кіндігі 9,2 шақырым тереңдікте болған. Қираулар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
«Ташкент» сейсмикалық стансасының ақпараты бойынша, Өзбекстан астанасында, Ферғанада және Наманғанда жер сілкінісінің күші 4,5-5 баллдың шамасында болды. Ал Термезде - 4 баллды, Самарқандта - 2 баллды шамалады.