Ташкентте агробизнестің жаңа мүмкіндіктері талқыланады

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - 14 шілде күні Ташкентте агробизнес және азық-түлік өнімдерін өңдеу салаларындағы отандық өндірушілердің өнімін өткізуге бағытталған жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқылау бойынша конференция өтеді, деп хабарланды Өзбекстанның сауда-өндірістік палатасының сайтында.

Өзбекстанның сауда-өндірістік палатасы Еуроодақтың техникалық жәрдемдесуімен 2017-2019 жылар аралығында «Эко-инновацияларды, тұрақты дамуды және бағаны құру тізбегін жетілдіру арқылы азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнеркәсіптерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» (AGROCOMP) жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Конференцияда Өзбекстанның сауда-өндірістік палатасы Наманган аумақтық басқармасы, Өзбекстанның сауда-өндірістік палатасы Қарақалпақ аумақтық басқармасы, Қазақстанның Қарағанды облыстық сауда палатасы және Қазақстанның «Тараз Экспертиза» ЖШС өз ұсынымдарын көрсетеді. Осылайша, серіктестерді өз өңірлерінің экономикалық әлеуеті мен AGROCOMP  жобасы аясында жүзеге асыру туралы жоспарланған міндеттер жайлы хабардар ету.

Сондай-ақ, конференцияға Өзбекстандағы Еуропа одағы делегациясының басшысы Эдуард Стипрайс, Өзбекстан Республикасының сауда-өндірістік палатасының өкілдері, Қазақстанның сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы және Өзбекстан Республикасындағы Италия елшісі Андреа Бертоцци қатысады.