Ташкентте әлемдік дода: Қазақстаннан 18 жас балуан татамиге шығады

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Ташкентте (Өзбекстан) өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 18 дзюдошы қорғайды. Бұл туралы ҰОК мәлім етті.

Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының тізімі

Ерлер:

  • 60 келі: Әлішер Тұрсынәлі

  • 66 келі: Ролан Қайырғали, Ерасыл Ержанов

  • 73 келі: Мұхамедәлі Закиров

  • 81 келі: Омар Нұрбергенов, Досбол Балғабай

  • 90 келі: Әділжан Жәудінов

  • 100 келі: Санжар Еруланұлы, Асқар Біржанов

Әйелдер:

  • 48 келі: Айнара Сейітжанова, Айзат Наукенова

  • 52 келі: Нұрбала Зайнұл

  • 57 келі: Зарина Мұрадасыл

  • 63 келі: Айдана Әбіқанова, Дәмеля Асылханова

  • 70 келі: Шынар Бітімбай

  • 78 келі: Гүлсезім Тұрлыбек

  • 78 келіден жоғары: Руслана Махатова

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 19–21 қараша аралығында өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа қатысушылардың алдын ала тізімі өзгеруі мүмкін.