Ташкентте «Бала құқықтары туралы» БҰҰ конвенциясының қабылданғанына 25 жыл толуын атап өтуде

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасында «Бала үшін әлеуметтік серіктестік: отандық және шетелдік озық тәжібире» халықаралық форумы өтуде, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, негізгі мақсат - балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы бірлескен іс-әрекеттер стратегиясын құру, бар жүйелерді тиімді ету, барлық ведомствоаралық деңгейдегі әлеуметтік серіктестіктің жаңа тиімді әдістерін дамыту бойынша билік өкілдері мен халықаралық мамандар арасындағы сындарлы диалог ұйымдастыру.

Форум «Бала құқықтары туралы» БҰҰ конвенциясының қабылданғанына 25 жыл толуына орайластырылған.

Шара Өзбекстандағы БҰҰ Балалар қоры өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды /ЮНИСЕФ/.