Ташкентте дипломаттар фестивалі өтті

ТАШКЕНТ. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Сенбі, сәуірдің 24-і күні Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігінің Қабылдау үйінде Өзбекстан Республикасында тіркелген дипломатиялық корпус өкілдерінің Мәдени салт-дәстүрлер мен ұлттық дәмдерінің фестивалі өтті.

Фестивальге 20-дан астам шет мемлекеттің елшіліктері қатысты, олардың қатарында Иран, Үндістан, Вьетнам, Ресей, Қазақстан, Украина, АҚШ, Германия, Чехия, және т.б. елдер бар.

Әр дипломатиялық өкілдік өз елінің ұлттық дәмдерін, сондай-ақ ұлттық қолөнер туындыларын таныстырды, әр елдің әртістері өнер көрсетті.