АЗЕРТАДЖ хабарлағандай, ТҮРКСОЙ-дың көрнекті Әзербайжан ақыны Молла Панах Вагифтің 300 жылдығына орай 2017 жылды «Молла Панах Вагиф Жылы» деп жариялауына байланысты көптеген іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылды.
Солардың бірі - әлемнің көптеген тілдерінде Молла Панах Вагифтің «Таңдамалы шығармаларын» шығару. Өлеңдер жинағы 12 тілде - әзербайжан, түрік, өзбек, қазақ, қырғыз, түрікмен, башқұрт, татар, ағылшын, итальян, орыс және украин тілдерінде басып шығарылды.
ТҮРКСОЙ бас директоры Дүйсен Касеинов, осы жобаны өзбек тілінде басып шығаруға қосқан үлесі үшін Орталықтың директоры С.Аббасовты марапаттады.