Бұл шара Өзбекстандағы қазақ диаспорасының беделді өкілі болған марқұм Сәбит Нәлібаевтың 70 жылдығына орайластырылды. Ақынның қызы Анар Нәлібаева әкесінің барлық туындыларын жинап, кітап етіп құрастырып және өз өлеңдерінің жинағын шығарып отыр.
Осынау игі жетістігімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілеу мақсатында қазақ диаспорасының өнер өкілдері, ақын қыздың достары мен әріптестері жиналды. Қонақтар, бұл таныстырылымның Өзбекстандағы қазақ диаспорасы өкілдерінің шығармашылық әлеуетін паш еткен жарқын бір шара болғанын атап көрсетті.