Дипломатиялық өкілдіктен хабарлағандай, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың песпективаларын, халықаралық ұйымдар аясындағы екі елдің өзара іс-қимылын талқылады.Бірқатар өзге де өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасылды.
17:27, 21 Тамыз 2014
Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастық перспективасы талқыланды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Кеше ӨР Сыртқы істер министрлігінде Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасары Жавлон Вахабовпен кездесті.