Шараның ұйымдастырушылары - Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі мен ӨР Мәдениет және спорт істері бойынша министрлігі.
Шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев пен ӨР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Рустам Әзімов, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның Үкімет мүшелері, ӨР-да аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, тағы басқалары қатысты.
Қазақстан Елшілігінен атап өткендей, бұл концерт екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 20 жылдығына арналған шаралардың қисынды аяқталуы болып табылады. Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстанның делегация мүшелері ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның ХІІ отырысына қатысқанын атап өту қажет.