Ташкентте Махмұд Қашғаридің шығармашылығына арналған халықаралық конференция өтті

ТАШКЕНТ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ – Ташкентте атақты ғалым, әдебиетші, ойшыл және энциклопедист Махмұд Қашғаридің шығармашылығына арналған халықаралық конференция өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өзбекстанның Республикалық интернационалдық мәдени орталығында өткен конференцияға шығыстанушылар, тарихшылар, филологтар, ұлттық-мәдени орталықтардың белсенділері, шетелдік делегациялардың мүшелері қатысты. Түркі халықтарының XI ғасырда өмір сүрген дарынды перзенті М. Қашғари көтерген қай мәселе болмасын деректі материалға негізделіп, білімдік-тәрбиелік мәнділігімен ерекшеленеді. Оның ?Диуани лұғат ат-түрк? еңбегінде табиғатпен біте қайнасқан халық болмысы кеңінен баяндалып, оның сан-салалы тіршілігінің көптеген жәйттерін ашып беруге көмектеседі. Ғалымның 1000 жылдық мерейтойына байланысты 2009 жылды ЮНЕСКО «Махмұд Қашғари жылы» деп жариялап отыр.