Бұлтты ауа райына қарамастан, Ташкенттегі жаппай мерекелік шаралар қаланың барлық дерлік бұрыштарында – Навруз, Анхор, Ашхабад, Ташкент сити саябақтарында, сондай-ақ сауда және ойын-сауық орталықтарында, қалалық театрлар мен циркте өтіп жатыр. Карнайлар мен сұрнайлар мерекенің басталғанын хабарлады. Фольклорлық-этнографиялық топтар ән мен биден өзбектің ұлттық мәдениетін паш етті.
Арқан бойымен жүретіндердің өнері, ұлттық киімдердің көрсетілімі, халық қолданбалы өнерінің көрмесі, балалардың көңілді билері баршаға қуанышты көңіл-күй сыйлады. Әдетте, көктемнің келуін тойлау өзбек асханасының інжу-маржандарынсыз өтпейді. Отта палау, тандырда самса, тостағандағы көк шай, әрине Наурыздың басты тағамы - сүмалақ. Жылдың берекелі болуы дастархан мәзіріне де байланысты. Ежелгі мереке заманауи өмірге үйлесімді түрде өзгерді. Атап айтқанда, өзбекстандықтар осы көне әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтай отырып, көршілерімен тату-тәтті тіршілігін жалғастыра отырып, жаңа көктем мен Наурыз мерекесін тойлауды жалғастыруда.
Авторы: Мәдибек Жәнібеков