Аталмыш қайырымдылық марафонды Форум қоры, «Өмір үшін!» сүт безі ісігі жөніндегі ұлттық қауымдастығы, Сьюзен Комен (АҚШ) атындағы кеуде қатерлі ісігімен күрес қоры және «Әйелдер жиыны» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Аталмыш марафонға өнер және мәдениет, эстрада мен кино және театр қайраткерлері, спортшылар мен дәрігерлер, дипломатиялық корпустың, қоғамдық ұйымдардың, министрлік пен ведомстволардың өкілдері, шетел қонақтары, студенттер, оқушылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, қайырымдылық идеясы мен әйел денсаулығына бей-жай қарамайтын белсенділер қатысты, деп атап өтті баспасөз қызметі.
Марафон-2012 бес кезеңде өтті. Аталмыш форум-марафон Өзбекстанда 2010 жылдан бастап өткізілуде. Дәстүр бойынша жиналған қаражат «Өмір үшін!» кеуде қатерлі ісігі бойынша Ұлттық қауымдастғының жобалары мен бағдарламаларын іске асыруға бағытталады.
Жоба аясында 3 жыл ішінде кеуде қатерлі ісігіне шалдыққан 300-ден астам әйел 900 млн. сумға (1 доллар АҚШ - 1859 сум) дәрілермен қамтамасыз етілді. Диагностикалық акция кезінде 20 мыңға жуық әйел тексерілді.