Өзбекстан астанасының тұрғындары мен қонақтары 15 күн бойы Tashkent City паркінде ретроавтомобильдер көрме-бәссаудасына барып, онда елдің жетекші көлік салондарының модельдерімен таныса алады.
Сондай-ақ автомобиль күтіміне арналған заманауи аксессуарлар мен құралдар туралы ақпарат алуына болады.
Көрмеде сонымен қатар 200-ден астам автомобиль маркасы, тіпті Airbus H130 тікұшағы ұсынылған.
Көрмеге қойылған өткен ғасырдың 50-70-жылдарындағы кеңестік, неміс және американдық автомобиль маркалары қонақтардың ерекше қызығушылығына бөленді.
Олардың көбі – қазіргі жолдарда сирек кездесетін көліктер.
Көрмеге келушілер сирек модель иелерімен танысып, көліктерді қалпына келтіру тарихын біле алады, ал ниет білдіргендердің ұсынылған автомобильдерді сатып алуға мүмкіндігі бар.