Ташкентте өтіп жатқан шахмат чемпионатында қазақстандық гроссмейстерлердің жүлделі орынға таласы бар

ТАШКЕНТ. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Өзбекстан елордасында Шахматтан Әлем кубогының аумақтық чемпионаты жалғасуда. Аймақтық федерация тобына Қазақстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдері кіреді.

Турнирдің апелляциялық комиссиясының төрағасы, Қазақстан шахмат федерациясының құрметті президенті, халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Болат Асановқа сілтеме жасап ҚазАқпараттың хабарлауынша, біздің гроссмейстерлер - жеңіске таласы бар басты үміткерлердің бірі. Қазақстанның атынан ерлер және қыздар командалары қатысуда.Б.Асановтың пікірінше, басты жеңіске біздің екі гроссмейстеріміз - астаналық Әнуар Есмағамбетов пен алматылық Мария Сергеева үмітті.