Ташкентте Өзбекстан ғалымына «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі табыс етілді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасындағы ҚР Елшілігінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орай Өзбекстан Республикасы академиялық ортаның көрнекті өкілдеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалін салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

Сонымен, құрмет наградасының иегерлері - Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих институтының «Заманауи тарих және халықаралық зерттеулер» бөлімі меңгерушісінің орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Назаров Равшан Ринатұлы және Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің «Демократиялық қоғамды қалыптастыру теориясы және практикасы» кофедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сабыров Әлішер Тұрсынұлы.