Сайысқа өз жұмыстарын 25-ке жуық қатысушы ұсынды. Қазылар жеңімпаздарды анықтады. Атап айтқанда, бас жүлдені Науаи қаласының тұрғыны Наурызбай Жарбосын ұлы иеленсе, екінші орынды Ақшагүл Төлегенова (Науаи қаласы) мен Құлназар Ибрагимов (Ташкент облысы) бөлісті, ал Боран Қыдыров (Ташкент облысы), Арухан Ақпанбетова (Қарақалпақстан) және Абдулла Рүстемов (Ташкент облысы) үшінші орынды қанағат тұтты.
Барлық жеңімпаздарға қомақты ақшалай және құнды сыйлықтар табысталды. Қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.
Салтанатты іс-шараға және жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстан мен Өзбекстан елшіліктерінің өкілдері де қатысты.