Бұл шара бүгін атап өтілетін Баспасөз бостандығының дүниежүзілік күніне арналып отыр.
Конкурс телевидение, радио, баспасөз және интернет-журналистика аталымдары бойынша өтті. Биыл байқауға 562 журналист қатысып отыр. Жеңімпаздар мен лауреаттарға арналған жүлделік қор 150 миллионға жуық сумды құрады (шамамен 100 мың доллардай). Сондай-ақ, БҰҰ, ЮНЕСКО, Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық ұйымдардың Өзбекстандағы өкілдіктері де өз ынталандыру сыйлықтарын тағайындады.
Шетелдік БАҚ өкілдерінің арасында Қытайдың «Синьхуа» ақпарат агенттігінің шеф-редакторы Дун Луньцзянь үздік журналист атанды.