Қол қою шарасына бір тараптан аталған оқу орнының ректоры, профессор Уктам Умурзаков, екінші жағынан - Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығының атқарушы директоры Искандар Абдуллаев қатысты.
Ташкент жерді суландыру және ауыл шаруашылығын механизациялау инженерлері институтынан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және басқа да аймақтан келген студенттер білім алады.
Меморандумға қол қою аясында Орталық Азиядағы алғашқы «Озық білім және ғылыми зерттеулер орталығын» құру туралы шешім қабылданды.
Орталықтың ашылуы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған Орталықазиялық халықаралық экологиялық форум өткізілуі қарсаңына орайластырылған. Форум 2018 жылдың маусым айында Ташкентте өтеді деп жоспарланып отыр.