20:21, 15 Маусым 2009
Ташкентте шахматтан әлем кубогына іріктеу турнирі өтеді
ТАШКЕНТ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Өзбекстан астанасында сейсенбіде шахматтан аймақтық чемпионат басталады, оны «орталықазиялық» деп атауға да болады.
ФИДЕ-нің аймақтық тобына Қазақстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Біздің тілшімізге хабарланғанындай, турнир қорытындысы бойынша осы жылғы қараша-желтоқсан айларында Ресейдің Ханты-Манси қаласында өтетін Әлем кубогы ? 2009 сайысына қатысуға екі жеңімпаз команда жолдама алады.