Конференцияға 40-тан астам сарапшы, оның ішінде мүше мемлекеттердің ұлттық зерттеу орталықтарының делегациялары, бақылаушы мемлекеттердің сарапшылары, байланыс серіктестері, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығы қатысып жатыр.
«Қазіргі замандағы жағдайларда ШЫҰ рөлі: ортақ қауіпсіздік, тұрақтылық және өркендеу жолындағы күш-жігерді біріктіру» тақырыбындағы іс-шараның күн тәртібіне үш негізгі сессия кіреді.
Анықтама үшін: ШЫҰ форумы 2006 жылы құрылған және көпжақты консалтингтік, сараптамалық және зерттеу құрылымы, құрылым қызметін ғылыми қамтамасыз етудің автономды тетігі болып табылады. Форум отырыстары мүше мемлекеттердің ұлттық ғылыми орталықтарының қатысуымен жылына бір рет өткізіледі.