деді бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.
Оның айтуынша, Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ-ға мүше елдер Мемлекет басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің және Сыртқы істер министрлері кеңесінің бұған дейінгі отырыстарының нәтижесінде қабылданған шешімдердің жүзеге асырылу барысын қарастырады. «Алда Бейжіңде өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшыларының отырысына дайындық барысымен байланысты тәжірибелік шаралар, сондай-ақ, Ұйымның ағымдағы қызметіндегі өзге де өзекті мәселелер талқыланып, келісілетін болады», деді Е. Ашықбаев.