Ташкентте ТМД және Балтық елдері теміржол басшылары 51-ші мәжілісінің хаттамасына қол қойылды

ТАШКЕНТ.   Қазанның  28-і. ҚазАқпарат /Құрмат  Самархан/ -     Бүгін Ташкентте ТМД  және  Балтық елдері  теміржол басшылары  51-ші      мәжілісінің  хаттамасына  қол қойылды.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық  компаниясы» акционерлік  қоғамының вице-президенті  Ермек Қизатов мәлім  еткендей,  мәжіліс барысында    ТМД   және  Балтық  елдерінің    барлық теміржол  әкімшіліктерінің  қызмет  қорытындылары қаралды.   «Эксплуатациялық  жұмыстарды  жақсарту,  тасымалданатын жүктердің көлемін арттыру  жөніндегі    Қазақстан теміржол  көлігінің  жұмысына  жоғары баға   берілді»,  деп  атап көрсетті Е.Қизатов. 

Сондай-ақ,   51-ші  мәжілістің  барысында   16  мәселе    талқыланды  және   олардың барлығы тікелей  Қазақстанның  теміржолдарына  қатысты  болды. Бірінші кезекте,  ол   Қазақстан  Республикасының аумағы арқылы   тасымал түрлерін   жақсарту мәселесіне  қатысты,   деді Е.Қизатов.  Сондай-ақ,    тарифтер   белгілеу,  оның ішінде   Ресей мен  Қазақстанның арасындағы   жүк тасымалы  үшін    тарифтік  жағдайды  жақсарту  мәселесі   талқыланды.