Ташкентте V халықаралық өзбек мақта жәрмеңкесі ашылды

КЕНТ.  Қазанның  14-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Сәрсенбі күні   Ташкентте    V   халықаралық   өзбек    мақта жәрмеңкесі ашылды.  Бұл шараны     Өзбекстан  Республикасының  үкіметі  ұйымдастырып  отыр.

Мақта өнеркәсібі мен  мемлекеттік  ұйымдардың  көшбасшылары,    тоқыма  кәсіпорындарының өкілдері мен сауда агенттері екі күн бойына    Өзбекстанның мақта кешенінің  стратегиясымен    танысу мүмкіндігіне ие  болып  отыр.  Шара  қонақтары   сондай-ақ,    жәрмеңке және биржалық саудаларды  өткізуге   қатыса алады,     мақта талшығының жеткізіліміне    тікелей    сауда келісімшарттарын  жасауға   қатыса алады.   Жәрмеңке  жұмысына Өзбекстанның     әлемнің 33 еліндегі  серіктес  компаниялары  қатысуда.