125 сантиметрлік кедергілер арқылы секіру сайысында Олег Соколенко Shenanigan атымен жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 20,63 секунд көрсеткішімен бірінші орынға ие болды.
Мәскеулік «Престиж» клубының спортшысы бұған дейін бұл турнирде екі рет үздіктер қатарынан көрінген. Оның еншісінде 1 күміс, 1 қола жүлде бар.
26 сәуірде аяқталатын Ташкенттегі әлем чемпионаты Universal Horses Stable ат спорты кешенінде өтіп жатыр. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден спортшылар келді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы ат спортынан әлем чемпионатында жүлделі орынға ие болғанын хабарлағанбыз.