Ташкенттегі Grand Slam: дзюдошы Абылайхан Жұбаназар қола жүлдеге таласады

Фото: Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі жалғасып жатыр. Қазақстандық спортшы Абылайхан Жұбаназар финалдық кезеңге өтті.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін күреседі.

Жұбаназар жұбаныш белдесуінде германиялық Тимо Кавелиустан басым түсті. 

Үшінші орын үшін белдесуде қазақстандық балуан жапониялық Сотаро Фудживаромен шеберлік байқасады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық татами шеберлері Ташкенттегі Grand Slam турнирінің алғашқы күнін жүлдесіз аяқтағанын жазған едік.