Ташкенттегі Әлем чемпионатына қатытасын спортшылар құрамы мынадай: Грек-рим күресі бойынша: Ербол Кондратов (59 келі), Айбек Еңсеханов (66 келі ), Демеу Жадыраев (71 келі), Рашид Кочиев (75 келі), Даниял Гаджиев (80 келі), Андрей Самохин (86 келі), Жанарбек Кабдолов (98 келі), Нұрмахан Тыналиев (130 келі). Еркін күрестен: Шоқан Шыңғысов (57 келі), Артас Сана (61 келі), Саятбек Оқасов (65 келі), Ақжүрек Таңатаров (70 келі), Жігер Закиров (74 келі), Аслан Кахидзе (86 келі), Ермухамет Інкар (97 келі), Ержан Дүйсенбеков (125 келі). Әйелдер құрама командасы: Зульфия Яхъярова (48 келі), Жұлдыз Эшимова (53 келі), Мерует Дынбаева (55 келі), Айжан Исмағулова (58 келі), Джулия Сатымбекова (60 келі), Ольга Калинина (63 келі), Эльмира Сыздыкова (69 келі), Гүлмарал Еркебаева (75 келі). Күрестен Қазақстан әйелдер құрама командасының бас жаттықтырушысы Гюзел Манюрова Ташкенттегі әлем чемпионатына әйелдер құрама командасының екінші құрамы бара жатқанын журналистерге берген сұхбатында айтқан болатын. «Екінші құрам кетіп бара жатса да біз әйелдер құрамасының қоржынында жүлделер болады деп үміттенеміз. Командада тәжірибелі де, жас та спортшылар бар. Мәселен, Жұлдыз Эшимова Азия - мен Әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен тәжірибелі спортшылардың бірі», - деді Г.Манюрова. Айта кетейік, Ташкент қаласындағы Әлем чемпионатына 90 елден 800-дей палуан қатысады.
03:45, 07 Қыркүйек 2014
Ташкенттегі Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық палуандар
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкент қаласында 8-13 қыркүйек аралығында еркін күрестен және әйелдер арасында грек-рим күресінен Әлем чемпионаты өтеді.