Шара барысында Өзбекстанның озық дизайнерлері халық дәстүрі мен заманауи сән үні үйлесімді ұштасқан киім үлгілері коллекциясын жұртшылық назарына ұсынды.
Әр коллекцияда көрініс тапқан Хорезмнің зергерлік бұйымдары, Бұқараның алтынмен әдіптеп тігу өнері, Самарқандтың сәулет өнерінің белгілері, Қашқадария, Сурхандария және Қарақалпақстанның түрлі де сырлы тігін өнері көңілге қуаныш ұялатады.
Дәстүрлі өнер көрмесінің қорытындысында қазылар алқасы түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздарды анықтады.