Өзбекстан Республикасы ТЖМ алдын ала мәліметіне сәйкес, 28 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:18-де Ташкент қаласының Алмазар ауданының Нурафшон көшесіндегі жаңа Riviera сауда орталығының құрылысын жүргізіп жатқан шақта металл құрастырылымы құлап түскен.
Салдарынан 4 адам мерт болып, екеуі жарақаттанды. Оқиға орнында ТЖМ және қалалық қызмет өкілдері жұмыс жасап жатыр.
«Оқиға жайында толық ақпарат сәл кейінірек беріледі», делінген хабарламада.