Бұл туралы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы елшілігі мәлім етті.
ҚР-дың бекітілген заң талаптарына сәйкес Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінде ашылған сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де жабылды. Бюллетендердің саны сайлау учаскесінде ҚР-ның 953 азаматы дауыс бергенін көрсетті, бұл сайлаушылардың 79,2 пайызын құрайды.
Өзбекстандағы сайлау учаскесіне келіп дауыс бере алатын 1200 Қазақстан азаматы туралы мәлімделгенін айта кету керек. Дипломатиялық өкілдіктің хабарлауынша, бұрын өткен сайлауларға қарағанда осы жолғы сайлауда ең көп дауыс жиналды.