Ташкенттің кіреберісіне 80 метрге созылған керуеннің мүсіні қойылды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасының Шыланзар ауданында, Ташкентке кіреберісте «Ұлы Жібек жолындағы керуен» атты мүсіндер композициясы орнатылды, деп хабарлайды UzNews.uz .

Композиция бір-біріне тіркелген түйелермен алыс сапарға аттанып жатқан саудагерлердің мүсіндерінен құралған.

Шыланзар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған UzNews.uz-дың хабарлауынша, композиция 80 метрге созылып жатыр. Жергілікті БАҚ-тағы кейбір хабарларда композицияның ұзындығы 700 метрге дейін жететіні айтылады.

Композицияның авторы - мүсінші Павел Макаров, оған Садық Намазов көмектескен.

Композицияның ашылу салтанатына Шыланзар ауданының әкімі Даврон Хидаятов және Туризмді дамыту мемлекеттік комитетінің басшысы Әзиз Әбдухакимов қатысты. Шарада осы композиция жаңа туристік бағыттарға жалғасатын Шыланзар туризм көшесінің басы екендігі айтылды. 

Соңғы жаңалықтар