Тасқала ауданында үш бірдей нысан іске қосылды
19:04, 10 Шілде 2010
ОРАЛ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Тасқала ауданында үш бірдей нысан іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан орталығы Тасқала ауылында жаңа пошта ғимараты есігін айқара ашса, «Балдырған» балабақшасын күрделі жөндеу барысында 36 млн. теңге игерілді. Бұл шаруаны «Эврика» ЖШС қысқа мерзімде, сапалы аяқтап шықты. Іші-сырты керемет кейіпке еніп, барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілген балабақша бүлдіршіндер мен ата-ананың қуанышына айналды.
Ауданның Достық ауылында «Астана» спорт алаңы ашылып, онда алғашқы спорттық шаралар өткізіле бастады.